«Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 362 Қаулысы

Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 362 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 149-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

Орыс тіліндегі мәтін алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілді

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2026 жылғы 4 мамырдағы

№ 362 қаулысымен

бекітілген

 

 

Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесі

 

1. Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер, қайта қолданылатын жобалар бойынша объектілер және техникалық жағынан күрделі емес объектілер салу көзделетін жобалар.

2. Әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді салу, сондай-ақ инфрақұрылымды қамтамасыз ету көзделетін жобалар, оның ішінде:

1) сыйымдылығы 3000 оқушыдан аспайтын жалпы білім беретін мектептер мен интернат мекемелерін салу;

2) сыйымдылығы 500 орыннан аспайтын мектепке дейінгі балалар мекемелерін салу;

3) сыйымдылығы 600 орыннан аспайтын кәсіптік лицейлер салу;

4) жұмыс істеп тұрған мектептерге сыйымдылығы 900 оқушыдан аспайтын интернаттар салу;

5) мүмкіндіктері шектеулі (нашар көретін, естімейтін және нашар еститін, сөйлеу қабілеті бұзылған) балалар үшін сыйымдылығы 500 орыннан аспайтын мектеп-интернаттар салу;

6) тәулік бойы жұмыс істейтін мамандандырылған санаторийлік балалар мекемелерін салу;

7) жоғары оқу орындарының жанынан сыйымдылығы 1000 төсек-орыннан аспайтын студенттік жатақханалар салу;

8) жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарын және шеберханаларын салу;

9) жетім балаларға арналған мекемелер салу;

10) сыйымдылығы 300 төсек-орыннан аспайтын психоневрологиялық ауруханалар салу;

11) дәрігерлік амбулаториялар салу;

12) медициналық пункттер салу;

13) фельдшерлік-акушерлік пункттер салу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.